Текст
2024 жылғы 24 қазанда Садовый негізгі орта мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты - патриотизмді, азаматтық борыш сезімін тәрбиелеу, әркімнің тарих алдында жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шарада оқушылар мен педагогтар мектеп және аудандық іс-шараларға нәтижелі қатысқаны үшін салтанатты түрде марапатталды.
Өткізілген іс-шара баршаға мерекелік көңіл-күй мен сүйікті Республика туралы білім сыйлады.