«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Ата дәстүр -асыл қазына”.

01.11.2024

Күзгі мерекелер әртүрлі іс-шараларға қолайлы уақыт.  1 қараша – «Отбасы құндылықтары күні».  Садовое ауылының негізгі отра мектебінде «Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп оқушыларына сынып жетекшісі Н.Ж.Қаратаева  8-сынып оқушыларымен “Ата дәстүр-асыл қазына” атты іс-шара өткізді.  
Шараның мақсаты: - оқушырарға халқымыздың рухани байлығын меңгеруге, озық ұлттық және отбасылық дәстүрлерді қабылдауға ықпал ету;
- Отанға, отбасына деген құрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- адамгершілік пен ұлттық, отбасылық құндылықтарды дарыту.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары туралы танымдық мағлұматтар алып, отбасындағы салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ олар мақал-мәтелдер құрастырып, салт-дәстүр атауларына анықтамалар тауып, отбасылық салт-дәстүрдің елтаңбасын сызған. Шара «Шашу» рәсімімен аяқталды.

Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст