«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Таза Қазақстан»

29.01.2025

Орман тәлімбақтарын құру және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жандандыру: Премьер-министр «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірқатар тапсырма берді

📌 Президенттің бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру мәселесі бойынша Үкімет отырысы аясында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:

🔵 Жергілікті атқарушы органдар өз өңірлерінде орман питомниктерін құрып, ағаш көшеттерінің жерсініп кетуін қамтамасыз етсін;

🔵 Әкімдіктерге тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін жаңа полигондар мен зауыттар ашып, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және алдын алу жұмыстарын уақтылы жүргізу міндеті қойылды;

🔵 Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне стихиялық қоқыс орындарын анықтау үшін еліміздің аумақтарын ғарыштық бақылаумен қамтуды және мерзімді тексеруді ұлғайту тапсырылды;

🔵 Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері қоршаған ортаны сақтау және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру саласындағы тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарын күшейтсін.

Просмотров: 192


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст