«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру"

23.09.2025

Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13110 болып тіркелді.
Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Жалпы ережелер
       
Экстернат нысанында оқыту тәртібі
       3. Білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын өзі дербес меңгеруін немесе қашықтан оқыту арқылы меңгеруін қарастырады
Экстернат нысанында оқу:
      негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында:
      1) денсаулығы туралы дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы бар білім алушыға;
      2) уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары болып табылатын білім алушыларға;
      3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға;
       Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында:
      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір сыныптың;
      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушыларға ағымдағы бір оқу жылында бір немесе екі сыныптың негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге рұқсат етіледі.
      6. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға және мүгедектігі бар білім алушыларға экстернат нысанында білім беру оқытудың барлық кезеңінде ұсынылады.
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат алуға өтінішті:
      1) осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар денсаулығы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын алған күннен бастап;
      2) осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім алушылар олардың кету күні жеткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей;
      3) осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген білім алушылар ағымдағы оқу жылы басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей береді.
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға өтініштерді қабылдау және оған рұқсат беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген "Негізгі орта, жалпы
орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) сәйкес ресімделеді.
       Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Тізбеге сәйкес құжаттардың толық ұсынылғанын және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзіміне сәйкестігін тексереді.
       Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаса және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынса көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық сұрату нысанындағы өтініші;
 2) денсаулығына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін – "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 026/е нысанында дәрігерлік-консультациялық комиссияның электронды қорытындысы;
 3) барлық білім алу кезеңі аралығында оқытылған пәндер бойынша "4" және "5" деген бағалар алған білім алушыларға - электронды үлгерім табелі; 4) білім алушы ата-анасымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге көшкенде көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұратындығы туралы электронды анықтамасы; 5) білім алушы ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың жетегінсіз шетелге шығатын болса, көрсетілетін қызметті алушының шетелде оқитындығын растайтын электронды құжаты.

Просмотров: 375


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст