«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына» пікір

15.01.2018

Президентіміз  Н. Ә. Назарбаев жыл сайынғы дәстүр бойынша  2018-жылдың  9 – қаңтар күні еліміздің көптеген телеарналары арқылы халыққа өзінің жыл сайынғы үндеуін  жариялады. Елбасымыз Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алғандығын жеткізді. Жүз нақты қадам  жоспары аясында біраз реформалар жүзеге асқаны, сонымен қатар «Цифырлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданғандығы айтылды. Биылғы жылғы жолдауында да біраз жақсы жаңалықтар мен өзгерістер болғандығын нақтылап айтып кетті. «Қазақстан 2050» бағдарламасында айтылып кеткен тапсырмаларды жүзеге асыру барысында еліміз әлемнің дамыған , бәсекеге қабілетті 30 – елдің қатарына кіру жолында елімізде біраз жұмыстар атқарылатындығы және болашақта да белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру керек екендігін тағы бір мәрте еске салды. Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша кешенді іс - шаралар жүргізіліп жатқандығы, әлеуметтік салаларға бөлінетін қаржының 12 пайызға артқанын жеткізді.   Сонымен қатар зейнеткерлердің зейнетақысы, қызметкерлердің жалақылары артатыны белгілі болды. Елбасшымыз болашақта ұстаз мәртебесінің көтерілуі керектігіне тоқталып, ендігі кезекте мұғалімдердің жалақысы жаңартылған білім беру бағдарламасынан өткеніне қарай және де санатына байланысты 30-50 пайызға көтерілетінін айтты. 

Елбасымыз үкіметке 10 нақты тапсырма жүктеді. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру барысындажергілікті әкімдермен, халық бұқарасымен ынтымақтаса жұмыс істеуді тапсырды.  Сөзінің соңында Елбасымыз аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығы керек екендігін тағы да еске салды. Биылғы жылғы жолдаудың толық

нұсқасы 10-қаңтар күні барлық отандық БАҚ-да басылып шығатындығы айтылды.

 

Садовый негізгі мектебінің

тарих мәнінің мұғалімі: Зейнолда Ж.

Просмотров: 395


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст