Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем
Әр жыл сайын қазан айының басында елімізде -мұғалімдер күні аталып өтеді. Бұл күні мұғалімдерге алғыс сөздер айтылатын, гүл сыйланатын,концерт дайындалатын күн.Мұғалім күні - жалпы барлық жастағы адамдардың мерекесі. Мектеп туралы естеліктер ең бірінші ұстаздан басталады, мұғалімнің тәрбиесі, айтқан ақылды сөздері өмір бойы сенің жадында жүреді. Таңертен мектеп есігін ашқан кезден бастап мерекелік атмосфера байқалды. Мектеп оқушылары әр мұғалімді " Тірі коридор" атты қарсалуымен күтіп алды. Мектеп жұмыс саптамасында оқушылар мектептің жаңа әкімшілігін таныстырып кетті. – «Мектеп директоры» – Жомартов Ислам, «Оқу-тәрбие ісі бойынша директор орынбасары » – Кароян Ноем, тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Черный Эдуард
…Соңғы дайындық… Сабаққа қоңырау! Мектепте өзін-өзі басқару кезеңі басталды.Сабақтар аяқталысымен мұғалімдер үшін мерекелік концерт басталды. Концерте тақпақтар,өлеңдер,билер биленді. Мұғалімдердің көздеріннен қуанышты көз жастары көрінді. Ешбір мұғалім өз мамандығының таңдауындағы қателік жоқ екенін түсінді. Оқушыға білім беру, жақсы тәрбиелеу ол жақсы іс. Ұстаз болмайды. Ұстаз болып туылады.