«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Садовый негізгі мектебі бойынша «Мың бала» проекті негізінде «Бір шаңырақтың астында» шығармашылық сайысы өтті

23.03.2017

Шараның мақсаты: 

1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,  оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу

шеберліктерін жетілдіру; 

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке, көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау. 

  «Бір шаңырақтың астында» шығармашылық сайысында  екінші сыныбынан бастап, тоғызыншы сыныпқа дейін 

он оқушы қатысты. Олар: Есенов Тимур –екінші сынып оқушысы, Дерр Виктория-үшінші сынып оқушысы, Гавриляк Элина,  Лукина Анастасия, Кистенев Глеб төртінші сынып оқушылары, Богачева Наташа, Швабауэр Карина –алтыншы сынып оқушылары, Кароян Ноем –сегізінші сынып оқушысы, Лукина Екатерина және  Гавриляк Эдуард-тоғызыншы сынып оқушылары.

Сайыс «Көркем –әдебиет» номинациясында «Мен қазақ тілін бәлемін!» деген ұраны бойынша өтті,  және төрт кезеңнен құрастырылды.

Бірінші кезең «Өлеңді мәнерлеп оқу», екінші кезең «Мың бір мақал», үшінші кезең «Мәтінді мәнерлеп оқу және аудару», төртінші кезең «Сұхбаттасу».

Сайысты бағалап отырған  әдәлқазылар алқалары: Кравченко Раиса Ивановна және Белозерова Екатерина

Никитична- педагогикалық еңбек ардагерлері, Құдайбергенова Әлия Жұмабайқызы-Покровка с/о бас маманы, Жирентаева Гүлнара Мерекешқызы-мектеп кітапханашысы және мектеп директоры-Лукин Владимир Валентинович.

Сайыстың жүргізушілері: Утеуова Асем Болатбекқызы-орыс тілі жіне әдебиет мұғалімі және тоғызыншы сынып оқушысы Незализова Гүлдана. Шығармашылық сайысты қазақ тілі және әдебиет мұғалімі-Қаратаева Назгүл Жұмабайқызы дайындады. Сайыс бейнекамераға түсірілді.

Оқушылар кезеңдердің барлық тапсырмаларын орындап, сайыстың жеңімпаздарды анықталды.

1 орын- Гавриляк Эдуард -9 сынып оқушысы.

2 орын-Дерр Вика- 2 сынып оқушысы

2 орын-Лукина Анастасия- 4 сынып оқушысы

2 орын-Лукина Екатерина- 9 сынып оқушысы

3 орын-Есенов Тимур- 2 сынып оқушысы

3 орын-Кистенев Глеб-4 сынып оқушысы

3 орын-Богачева Наташа-6 сынып оқушысы

3 орын-Швабаэр Карина-6 сынып оқушысы

Барлық оқушылар грамоталармен марапатталды. Қалған оқушылар сертификат алды. Гавриляк Эдуард-1 орын иесі аудандық сайысына қатысады.

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст