«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КММ« Атбасар ауданынң білім бөлімінің Садовый негізгі мектебінің » 2016-2017 оқу жылы бойынша 21 ақпан басталатын Халықаралық туған тілдер күні және «Мың бала» жобасының ұйымдастрылу шаралары.

03.03.2017

Халықаралық тілдер күніне орай Садовый негізгі мектебінде салтанатты түрде саптамада ашылу болды. Бұл  мектеп оқу ісінің меңгерушісі Қаратаева Назгүл Жұмабайқызы 21 ақпан күнінен 15 қараша аралығында өтетін туған тіл күндері және «Мың бала» жобасының өтуіне байланысты құрылған жоспармен таныстырып кетті. Бұл мерекелік шараның ашылуы үш тілде (қазақ,орыс,ағылшын) өтті. Бұл шараға 7 сынып оқушысы Ахмедияров Бекзат  Абай Құнанбайұлының  «Ғылым таппай мақтанба», 9 сынып оқушысы Низализова Гульдана  Мұқағали Мақатаевтің  «Үш бақытым»  өлеңін оқып берді. Ал 9 сынып оқушысы Гавриляк Эдуард  ағылшын тілінің шығу тарихы Қазақстан

еліндегі оның маңыздылығы жайында, 9сынып оқушысы Лукина Екатерина орыс тілі туралы ақпарат берді.

Мектеп кітапханашысы Жирентаева Гүлнара Мерекешқызы «21 ақпан туған тіл күні» тақырыбында үш тіл туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.

2,3,4 сыныптар арасында үш тілде  мәнерлеп оқу  сайысы өтті. Оқушылардың жақсы дайындалғаны байқалды. Олар бұл байқауға өтте шығармашылықты дайындалды. Жеңімпаздар мақтау қағаздармен марапатталды.

1- орынға ие болған 4 сыныптың оқушысы Лукина Анастасия, 2 – орындар 4 сыныптың оқушысы Кашина Элина, 3 сынып -  Цымбал Максим, 4 сынып -  Алпысбаева Мөлдір, 3 – орындар 4 сыныптың оқушысы Гавриляк Милана және 2-сыныптың оқушылары Мамытов Ринат, Мукушева Жазель

  Бұл шараның ұйымдастыруын қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қаратаева Назгүл Жұмабайқызы дайындады.

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст