«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Есеп Садовый негізгі мектебінің география, химия және биология пәндерінің онкүндігі.

14.02.2017

Есеп

Садовый негізгі мектебінің  география, химия және биология пәндерінің

онкүндігі.

21 қаңтар -31 қаңтар 2017жыл.

Мақсаты:

·       Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге және тәртіптерін дұрыстау,а тәрбиелеу.

·       Оқушылардың ішінен пәнге деген қызығушылықтары бар оқушыларды тауып олармен шығармашылық жұмыс жүргізу.

·       Педагогикалық шеберлігін ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардан артырып отыру.

·       Педагогикалық  кәсіби құзыретті артыру.

Пәндер бойынша онкүндіктер сыныптық және сыныптан тыс қызметке айналды. Олар балалар үшін өздерінің мүмкіндіктерін,білімдерін артыруға және шығармашылықтарын көрсете алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар әр баланың талантын артырып пәнге деген қызығушылықтарын көтереді.

·  21 қаңтар дан 31 қаңтар аралығында бізідің мектепте химия және биология пәндері бойынша онкүндік өтті.Жоспарланған шаралар өтте қызықты және танымды болды. Барлық ақпарат онкүндік бюллетенінде көрсетілген.

·       21 қаңтар күні химия ,биология және география пәндерінің мұғалімдерімен  онкүндікті ұйымдастыру жайында отырыс өтті.

·       23 қаітар күні жұмыс саптамасында салтанатты түрде тарих,химия,юиология және география пәндерінің онкүндігінің ашылуы өтті.

·       Бұл күні  «Тірі табиғат»  «Жұмбақ химия»  тақырыбында стенд рәсімделді.Мұнда  табиғаттағы флора, фауна,химия  және география туралы қызықты ақпаратқа толы болды. Балалар берелген викториналарға,жұмбақтарға және химия, биология  пәндері бойынша ребустарды шешті.

·  «Өмір сүру ғажап» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Оған 5-7сынып оқушылары қатысты.

·      23-27 қаңтарда үзіліс арасында тікелей  нашақорлыққа қарсы,темекі және алкогольдің зияны тақырыбында

трансляцияны мультимедиялық кабинетте өткізілді.

·       Онкүндік барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізілді.

·       23.01.2017 жылы Жунусова А.Б 6 сыныпта «Қылқан жапырақтылар. Жалғызтұқымдылар.» тақырыбында

ашық сабақ өткізіді.

Мұғалімен сабақта (эврестикалық,жағдайды шешу,көрнекілік  ) әдістерін қолданды.Сонымен қатар сабақта сын ойлау технологиясы да қолданылды. Жұмыс түрлері;топпен жұмыс,рефлексия,шығармашылық жұмыс. Оқушылар сабақта өздерін еркін ұстап, өз ойларын жеткізе алды.Мұндай сабақтар оқушының шығармашылық қабілеттерін артыруға көмектеседі.

·       24.01.2017ж 9 сыныпта «Химия біздің жан-жағымызда» тақырыбында викторина өтті. Оқушылар өтте

белсенді қатысып,өз білімдерін артырды .Бұл шара танымды болды деп санауға болады.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст