2019 жылдың 9 мамырын күні кеңес халқы жеңісіміздің 74 жыл толуының мерекесін бүкіл ел атап өтті . Бұл бақыт, қуаныш, гүлдер мен жақсы көңіл-күй мерекесі.Бұл мереке барлық тозақ жолынан өткен жауынгерлердің күні. Олардың саны азайсада,бұл азаматтар адамдардың есінен ешқашан кетпейді. Біздің міндетіміз келешек ұрпаққа ардагерлерді сыйлап,бақытты,бейбітшілік өмір үшін ризашылықтарын білдіріп отыру.
Бұл күні Садовый негізгі мектебінде «Аталарымыз-Жеңіс жауынгерлері» атты тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.Бұл шараның мақсаты:ең алдымен балаларға патриоттық сезім,ардагерлерге деген сыйластық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Бұл шарадан кейін оқушылар салтанатты ардагерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою,үнсіз минут,ардагарлерді құттықтау рәсіміне қатысты.Содан соң ардагерлер үшін ауылдық клубта мерекелік концерт дайындалды.Бұл концертке оқушылардың барлығы қатысты.