«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасылық клубтың ашылуы

19.02.2019

«Баламен достаспастан білімалу,
  сізонымен рухани қарым-қатынаста бола алмайсыз
  Қараңғығақашыпкетуі мен салыстыруға болады» .В.А. Сухомлинский.

Оқушының мектепкегі тәрбиесі мен отбасындағы тәрбиесі үзілмес бір процесс. Бұл жұмыстың жетекшісі,ұйымдастырушысы болып мектептің  педагогикалық ұжымы саналады. Мектептің және ата-ананың  міндетті әр –балаға бақыт сыйлау. Бақыт  әр қилы. Бақытты  -адамның өзара дамуымен жұмыс істеген кезде, еңбекке деген сүйіспеншілігі оянса, шеберлігін шыңдаса, айналадағы ортаны жақсы көріп, бұл өмірге өз үлесің қосса –бақыт болып саналады. Бұл өмірге нағыз адам болып, нағыз азамат болып кіруге үйрету біздің мақсатымыз. Сухомлинскийдің атқан сөзіндей  бұл мақсатқа жету үшін бізге ата-ананың да көмегі керек. Педагогикалық ұжым мен ата-ананың қарым-қатынасы ең басты баланың дамуына көп ықпалын тигізеді. Бұл  жас баланың мінез-құлқын, көз-қарасын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылармен ата-аналардың бірге рухани дамуына көмек береді. Қазіргі кезде қоғамдық маңыздылық болып келетін,бұл ата-аналардың отбасылық қарам-қатынасы. Отбасылық клуб- ата-аналармен жаңа жұмыс түрі. Мектеп пен ата-аналардың достастығын тығыз орнату үшін отбасылық клубтың ашылуы болды. Бұл ата-аналармен мектептің тығыз қатынас  орнату көпірі болып саналады. 12ақпан күні Садовый НМ-де салатанатты түрде «Бірге болайық» атты отбасылық клубтың ашылуы өтті. Бұл шараға аудан білім басшысы
Наймушина Наталья Георгиевна, ата-аналар ассоциациясының жетекшісі Садвокасова Баян Мынжасаровна, білім бөлімінің әдіскері Завьялова Елена Викторовна, Куракбаева Гульжан Амановна, Садовый негізгі мектебінің педагогикалық еңбек ардагерлері, ауылымыздың ақсақалы Кульбаев Жомарт Досмагамбетович  жолдасыменболды. Отбасылық клубтың ашылуына  өз ізгі тілегі мен батасын ауыл ақсақалы Көлбаев Жомарт Досмагамбетович берді.
Салтанатты қызыл лентаны кесу аудан білім бөлімінің басшысы  Наймушина Наталья Георгиевнаға және ата-аналар  ассоциациясының жетекшісі Садвокасова Баян Мынжасаровнаға берілді. Бұл салтанатты сәтте қазақтың күйі ойнап, қазақтың салты бойынша «Шашу»шашылды. Садовый негізгі мектебінің директоры Қаратаева Назгүл Жұмабаевна   барлық құттықтаулардан кейін, барлық қонақтарды «Бірге болайық» отбасылық клубтың кабинеттіне шақырды. Отбасылық клубтың ашылу отырысында : 
 Галимовтар отбасысы: әжесі -Айман Абдельдиновна, атасы - Габит Мергенович, немересі Эльнара қатысты; 
 Кравченколар отбасысы: әжесі - Раиса Ивановна, немересі- София;
 Ахметовтар отбасысы: анасы - Гульзайнат Есенбековна, қыздары Аяулым және Мөлдір;
 Мамытовтар отбасысы: әжесі - Райхан Каирбековна, анасы- Тоты Мукышевна, ұлдары Ринат және Нұрислам. Барлық қатысқан отбасылар өз шеберліктерін көрсете алды. Ата-аналар ассоциациясының жетекшісі Садвокасова Баян Мынжасаровна отбасыларға мақтау қағаздарын табыс  етті. Мектеп ұйымдастырышы  Н.И.Кузьмина концерттік бағдарламма ұйымдастырды. Мектеп директоры Қаратаева Назгуль Жұмабаевна барлық қатысушылырады  құттықтап естелік сыйлықтарын табыс етті. Бұл мерекелік отбасылық клубтың ашылуын «Желаем» әнімен аяқтады. Бұл мерекелік шараны жайылған дастарханда жалғасытыруды мектеп директоры Қаратаева Назгүл Жұмабаевна  ұсынды. Бұл мереке өтте қызықты өтті. Мұндай мерекелік  шаралар мектепте жиі өтіп тұратынына күмәніміз жоқ.

 

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст