2019 жылы 13 наурызда Атбасар ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес біздің мектепте өрт кезінде эвакуациялау жаттығуы өтті. "Миллиондаған жыл бұрын адамдар отты пайдалануды үйренді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жағдайда адамның қолында ол мойынсұнды. Бірақ егер оған ерік берсе, онда жақсылық зұлымдыққа айналады. Өрттің басым бөлігі балалардың кінәсінен болады. Сондықтан да біздің міндетіміз балаларды өрт туындаған кезде өзін дұрыс ұстауға үйрету. Мектептің барлық оқушылары мен қызметкерлері ұйымшылдықпен үрейсіз мектеп аумағында орналасқан орталық және қосалқы кіре берістер арқылы эвакуацияланды. Оқушылар тізімі бойынша тексерілді .Жаттығу ұйымдасқан түрде, үрейсіз өтті .Мектеп оқушыларымен ТЖ және өрт кезіндегі жүріс-тұрыс туралы нұсқаулық өткізілді. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін білуге көмектеседі.