25 қазанда Садовый негізгі мектебінде «"Отбасы -тəрбие басы, мектеп -тəрбие жаршысы" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Міндеті: моральдық жағынан сау және рухани бай адамды бақытты, дені сау және мықты отбасында тәрбиелеу.Біздің әрқайсымыз үшін «Отбасы» сөзінің өзіндік мәні бар. Отбасы - бұл үй, әкем мен анам, жақын адамдар.
Отбасы - сені сүйетін жерің
Отбасы - бұл жаннының жарығы
Отбасы - жақын адамдар
Отбасы - бұл сенім, үміт, махаббат
Бала отбасында тәрбие алады.Сонымен бірге баланың өсуі оның өскен ортасына байланысты.Мақалда : «жақсы отбасында жақсы балалар өседі» деп бекер айтылмаған.Сынып жетекшілері балалардың назарын отбасының маңыздылығына аударуға тырысты. Отбасылық дәстүрлерді құрметтеу, отбасылық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін оны қорғау керек.