«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылында аудан мектептерінде 1-11 сынып аралығында 6845 оқушы білім ала бастады.

07.09.2024


  2024-2025 оқу жылында аудан мектептерінде 1-11 сынып аралығында 6845 оқушы білім ала бастады, олардың 597 - 1 сынып, 714 - 9 сынып, 254 - 11 сынып.
Мектеп кітапханашылары тамыз айында оқулықтар берді. 2024 жылдың жазында қазақ тілінде оқытатын орыс тілі, жаратылыстану, еңбек және бейнелеу өнері пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 3 сынып үшін жаңа оқулықтар сатып алынды.Қазақ тілінде оқытатын 7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулықтары жаңартылды, орыс және қазақ тілінде оқытатын 8-сыныпқа арналған дүниежүзілік тарих, орыс және қазақ тілінде оқытатын 9-сыныпқа арналған география, Қазақстан тарихы жаңартылды. Сондай-ақ, орыс тілінде оқытатын 6 және 9-сыныптарға, қазақ тілінде оқытатын 2-сынып, қазақ тілінде оқытатын 10-сынып, орыс тілінде оқытатын 11-сыныпқа арналған оқулықтар, мектепалды дайындық, көркем әдебиет қосымша сатып алынды.
«Алматыкітап», «Атамұра», «Келешек 2030», «Көкжиек Горизонт», «Мектеп», «Арман ПВ», «НИШ», «Мазмұндама», «Express Publishing» сияқты 11 баспамен келісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда Атбасар ауданының оқушылары оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Қандай да бір оқулық болмаған жағдайда білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна Наймушинаға 2-55-72 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст